Аптадағы маңызды жаңалықтарӨнеркәсіп

Петропавлда құрастырылған “Урал” мотоциклі әлемдік сұранысқа ие

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

– Петропавлда құрастырылатын “Урал” мотоцилдері әлем бойынша аса сұранысқа ие. Көлікте 45 аттың күші бар. Салмағы 380 келіні құрайды.

Петропавлда “IMZ Kazakhstan” серіктестігі мамыр айында жұмысын бастады. Басында зауыт қызметкерлері арнайы оқытудан өтті. Кейіннен өндіріс орнында алғашқы мотоциклдер құрастырыла бастады.

ГЕОГРИЙ КУРМАЧЁВ, “IMZ Kazakhstan” ЖШС директоры:

– Сынамалық жұмысты қоса алғанда өткен жылы 570 мотоцикл құрастырдық. Биылғы жоспар ауқымды. Зауыттан мыңға тарта техника шығаруды көздеп отырмыз. 3 дөңгелекті көлікке қажетті бөлшектерді Ресейден алдыртамыз.

Облыс орталығында жинақталған мотоциклдер әлемнің түкпір-түкпіріне экспортқа жіберіледі. Қазір серіктестік Қытай мен Жапониядан түскен тапсырысты орындап жатыр. Зауытта көліктер 200 түспен шығарылады. Бұл өндіріс орны 23 жанды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда Жансерік Айбасұлы осыдан бірнеше ай бұрын келген. Арнайы оқытудан өткен азамат қазір мотоциклдің жолаушы отыратын жағын құрастырумен айналысады.

ЖАНСЕРІК АЙБАСҰЛЫ, “IMZ Kazakhstan” ЖШС құрастырушысы:

– Жұмыстың қиындығы жоқ. Жалақы уақытында төленеді. Ұжым да білмеген жерлерді көрсетіп, жол сілтеп жібереді. Бұған дейін ауыл шаруашылығы саласында істедім. Онда да техника құрастырумен айналыстым. Мұнда жұмысшыларға жақсы жағдай жасалып отыр. Артық жүктемеге қосымшаақы төленеді.

Серіктестікте 2 түрлі “Урал” мотоциклі құрастырылады. “Gear Up” және “СиТи”. Бірақ, қазір өндіріс орны тапсырыс бойынша алғашқысын ғана жинақтауда. Айта кетейік, мұндағы ең арзан техниканын бағасы 20 мың долларды немесе 9 млн теңгені құрайды.

 

Алдияр Айтпаев