Спорт

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 34 жыл

Ақпанның 15-і – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Атаулы күнге орай бүгін облыс орталығында “Жас жауынгер-2023” спорттық сайысы өтті. Оған қаладағы 5 колледждің студенттері қатысты. Ұл-қыздар өзара мықтыны анықтады. Оларға уақытқа автоматты бұзып-жинау, арнайы киімді кию және жылдамдыққа арқанға тартылу сынды тапсырмалар берілді.

НҰРБОЛАТ ИМАНБЕТОВ, студент:

– Біз жыл сайын осындай жарыстарға қатысып отырамыз. Бүгінгі сайыстағы қарсыластар мықты дайындықпен келген. Біз де барынша жақсы нәтиже тіркеп, жетістікке жетіп жатырмыз.

ВИТАЛИЙ ГУТЕВИЧ, жарыстың бас төрешісі:

– Шараның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу және бойларында патриоттық сезім қалыптастыру. Осы жарыс арқылы облыстық және республикалық додаларда өңір намысын қорғайтындарды іріктеп аламыз.

 

Алдияр Айтпаев