БалаларТЖҚоғам

Білім беру мекемелері тексеріледі

№4 орта мектебінде болған оқиғадан кейін барлық оқу ұялары тексеріледі. Нақтырақ айтсақ, бейнебақылау камералары, құрылғылардың жедел басқару жүйесімен байланысына мән беріледі. Қазір облыс бойынша 400-ден астам мектеп бейнекамерамен жабдықталған, 12 мыңнан астам құрылғы қойылған. Ол үшін арнайы мобильді топ құрылды. Мектеп кіреберісінде болуы керек турникеттер де назардан тыс қалмайды. Айта кетсек, төтенше жағдай тіркелген білім ошағында турникет болмаған. Биыл қаражат бөлініп, онда қауіпсіздік қондырғысын орнатып, арнайы күзет қою жоспарланған.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Бүгінде 23 білім беру нысанына арнайы күзет қойылды. Биыл тағы 27-сінің қауіпсіздігін нығайтуды жоспарлап отырмыз. Негізінен, мектептердің барлығы – облыс орталығында. Қазір бізге талап бойынша 50 мекемеге күзет қоюға болады.

 

Алтынай Казиканова