ТЖ

Облыс әкімі мектепте зардап шеккен балалардың хал-жағдайын білді

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барып, 9-сынып оқушысының қолынан жарақат алған балалардың хал-жағдайын білді. Қазір зардап шеккен 2 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал жарақат алған бір балаға емдеу мекемесінің қабылдау бөлімінде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалған екеуіне ота жасалды. Айдарбек Сапаров балалардың қандай көмек алғанын жеке өзі бақылап, оларға тезірек сауығып кетулерін тіледі. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

– Жарақат алған екі оқушы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта – хирургия бөлімшесінде. Балаларға операция жасады. Екеуінің де жағдайы бірқалыпты. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Екі бала да естерін жиды.

 

Данаш Хамзина