Құқық қорғау органдары

Көлікті мас күйде жүргізген ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін

Бірінші жағдайдан сабақ алмай рөлге мас күйінде қайта отырған. 1 ай бұрын ғана ұсталған 57 жастағы ер адам көлікті ішімдік ішкен күйі басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Алайда, Мамлют ауданының тұрғыны қамаудан босасымен 2 күннен кейін рөлге қайта жармасады. Тағы да мас күйінде ұсталған ер адам көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, қомақты көлемде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Самал Жунусова