Құқық қорғау органдары

Қоғамдық орында 400-ден астам адам масаң күйде ұсталды

– Вы не инвалид, трудоспособный, дееспособный. Хроническими заболеваниями не страдаете, нет? Всё нормально. Вот световой день 6 часов вечера, вы уже в состоянии алкогольного опьянения. Жена на работе находится. Вам не стыдно?

Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда масаң күйде жүргендерді құрықтады. Өткен бір апта ішінде өңірде мұндай 414 солтүстікқазақстандық ұсталды. Одан бөлек мамандар есепте тұрған жандардың шаңырағына да бас сұқты. Барлығы 4 мыңға жуық адамның мекенжайы тексерілді.

ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ, қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің бөлімше бастығы:

– Осы іс-шара барысында есепте тұрған тұлғалар, маскүнемдер тексерілді. Бұзақылыққа жақын, тұрмыс жағдайын бұзатын адамдар, ішімдік ішетін адамдар тексерілді. Олардың бұзақылық жасамауы үшін, қылмыс жасамауы үшін профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Рейд барысында алкогольді заңсыз жолмен сатқаны үшін 20 адам жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан құрамында спирті бар 400 литрден астам өнім алынып тасталды. Бұдан бөлек, жолда да заң бұзушылар ұсталды. Трассаларда 13 мас жүргізуші тоқтатылды.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген түрде қызмет атқарды. Облыс авто жолдарындағы полицияның патрульдік жасақтарының саны ұлғайтылды. Олардың басты назары өрескел бұзушылықтарды, яғни, көлікті масаң күйде басқару, жүргізу құқығынан бұрын айырылған тұлғаларды анықтау, маневр жасау ережелерін бұзу, көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзу сияқты бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Жалпы, іс-шара барысында тәртіп сақшылары мың жарымға жуық түрлі құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

 

Алдияр Айтпаев