МТРА жаңалықтары

Қазақстанда 870-ке жуық жаңа жоба іске қосылмақ

147 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін бастамалардың жалпы құны 33,1 трлн теңгені құрайды. Үкіметте өткен кеңесте өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымадасының жобасы қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жобалар орта және жоғарғы дәрежеде дайындалатын өнімдерді шығаруға бағдарланған технологиялық озық өнеркәсіп құруға бағытталғанын атап өтті деп жазылған Премьер-Министрдің ресми сайтында. Іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде өндірістің нақты өсуін 2029 жылы 1,5 есе, ал негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 19,8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

Самал Жунусова