Қоғам

Түркиядағы ағайынға кәсіпкерлерден көмек

Түркиядағы зілзаладан жапа шеккендерге теріскейлік кәсіпкерлер де көмектесуде. “Прогрес” тігін фабрикасының басшылығы бүгін бауырлас елге сыртқы киім дайындай бастады. Апат орын алған аймаққа барлығы 400 куртка жөнелтілмек. Оның арасында 200-і – балаларға, қалғаны ересектерге арналған. Гуманитарлық көмек бүгін Астанадағы Түркия Республикасының елшілігіне жеткізіліп, кейін ағайынға аттандырылмақ.

ДИНАРА ТӨЛЕГЕНОВА, “Прогрес” тігін фабрикасы” ЖШС PR-менеджері:

– Бауырлас елден киім тігу үшін маталар әкелеміз. Қиын сәтте қолдамасақ болмайды. Бүгін 2 млн теңгенін киімін жіберудеміз. Оның ішінде қызметтік киімдер де бар. Қазір ол жақта аяз алқымнан алып тұр. Сол себепті, жылы киімдерді жөнелтпекшіміз. Компания мұндай гуманитарлық көмекті алғаш рет көрсетіп отыр.