Денсаулық сақтау

СҚО-да 246 адам тұмау жұқтырған

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары берген мәлімет бойынша 300-ге жуық солтүстікқазақстандық тұмау жұқтырып алған. Тұмауға шалдыққандардың арасында 53 жүкті әйел мен 83 бала бар. Барлығы екпе алмаған. Сырқаттанғандардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Сондай-ақ, облыста бір күнде 8 адам короновирусқа шалдыққан. 4-еуі – аудан тұрғындары.

 

Гульден Симбаева