Қоғам

Өңір тұрғындары Түркияға көмек ретінде 400 келіге жуық қысқы киім жинады

Осы күнге дейін теріскейліктер Түркия халқына 400 кг-ға жуық қысқы киім жинады. Оның ішінде балаларға арналған жылы киім-кешек, көрпе-жастық сынды дүниелер бар. Игі істі қолға алған жандар тұрғындар киілмеген немесе жағдайы жақсы киімдерді әкелсе нұр үстіне нұр болар еді дейді. Өйткені, жиналғандарды сұрыптауға да уақыт кетеді. Гуманитарлық көмекке үлкендермен қатар жастар да ат салысуда.

ЯКУБ ЛАТИПОВ, “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

– Көмек жинау тұрғындар келе бергенше жалғасады. Бұл қанша күнге созылатыны белгісіз. Барлығын жинап, Астанаға жібереміз. Одан кейін жүк Түркияның Стамбул қаласына аттанады. Ол жақтан қатты жапа шеккен Аданаға жіберіледі деп естідім. Шетте қалмай, барынша көмектесіп жатқан жерлестерімізге алғысымды білдіремін.

 

Алтынай Казиканова