ТЖ

Кәсіпкерлік нысандарындағы өрт қауіпсіздігі

Өткен жылы өңірдегі сауда нысандарында 12 өрт тіркелді. Адам шығыны жоқ, 20 млн теңгенің материалдық шығыны келген. Оттың тұтану себебі – электр құрылғыларындағы сымдардың қысқа тұйықталуы.

АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:

– Кәсіпкерлік нысандарында дабыл жүйесі ақаусыз жұмыс істеп, шығатын есіктер тиісті көлемде болуы керек. Ғимаратта аумағы мен сыйымдылығына қарай қосымша есіктер салынғаны жөн. Қосымша есіктер үнемі ашық болуы керек. Бұл іске аса жауапкершілікпен қарау қажет.

Қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстану оқыс оқиғаның алдын алады. Мамандар шағын және орта бизнес нысандарын тексерейін десе, әзірге, тексере алмайды. Өйткені, 2024 жылға дейін мораторий жарияланған. Сол себепті, өрт сөндірушілер ірі нысан иелеріне өздерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізуді ұсынды.
Оқу-жаттығу жиыны кезінде қандай да бір олқылық табылып жатса, кәсіп иесі жауапқа тартылмайды.

– Проведете обучение, да, и если что-то там не так, то никаких здесь административных взысканий не будет, так?
– Да, здесь абсолютно будет только рекомендательного характера. Со стороны нас никаких административных мер принято не будет.

Мамандар былтыр жоспардан тыс және арнайы тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде облыста 2 мыңнан астам ғимарат қаралып, өрт қаупі жоғары объектілерде 1600-ден астам жауапты тұлғаға ескерту жазылып, 16 млн теңгенің айыппұлы салынған.

 

Самал Жунусова