Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтар 5 жылға бас бостандығынан айырылады

Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр. Соңғы үш күнде өңірде 7 пысықай анықталды. Осы күндері шаһардағы базарлар мен көтерме сауда орталығында профилактикалық шаралар жүргізілді.

АНЖЕЛИКА КОЧЕТКОВА:

– Алаяқтар жиі хабарласады. Біресе банк қызметкерімін деп қоңырау шалып, мазамды алады. Ондай кезде мен маған ештеңе қажет емес екендігін айтып, телефон тұтқасын қоя саламын. Сақтық шараларын таныстарым, туыстарым айтып отырады. Полицейлер де бірнеше рет құлағдар еткен болатын.

Шара барысында мамандар тұрғындарға 1500 жаднама таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ДІЛНАЗ БАЙҚАДАМ, қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі:

– Жедел-профилактикалық іс-шара ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен көзделген ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өткзіледі. Оның санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Жалпы, қаңтар айында облыста 46 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

 

Алдияр Айтпаев