СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Айдарбек Сапаров Президенттің қабылдауында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше облыс әкімін қабылдады. Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндады. Президентке көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы да ақпарат берілді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жалпы былтырғы жылды жақсы көрсеткішпен бітірдік. Барлық салада өсім бар. Ең көп өсім ауыл шаруашылығы саласында 1 трлн теңгеден астам өнім шығардық. Жалпы, ел бойынша бірінші орында. Басқа салада да 105-ке дейін өсім бар. Осы экономиканы әрі қарай тұрақты жүргізу үшін инвестиция бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Биылғы жылы молайтып, 400 млрд-қа жеткізу ойымызда бар. Жол, су мәселелері де шешіліп жатыр.

 

Алтынай Казиканова