Спорт

Ауған соғысының ардагері Валерий Ухабовты еске алуға арналған шара

Валерий Ухабовты еске алуға арналған шара баскетболдан басталды. Ауған соғысының ардагері кезінде осы мектепте оқыған. Мектеп ұжымы баскетболға жақын екен. Облыстық турнирге 8 ауданнан 80-ге жуық бала қатысып жатыр.
Соколов орта мектебінде Валерий Ухабовқа арналған шағын мұражай бар. Онда
оның жеке заттары, соғыста киген киімі мен суреттері қойылған. Мұражай мектепте 50 жыл бұрын ашылыпты.

Валерий Ухабов – Қостанай облысының тумасы. Сосын отбасымен бірге теріскей өңіріне көшіп келіпті. 56-шы жылы Алматы шекара училищесіне оқуға түседі.
Оқуын аяқтағаннан кейін Түркіменстанға жұмыс істеуге жіберіледі. Сол жақтан Ауған соғысына аттаныпты.

НАТАЛЬЯ ОГНЕВАЯ, Соколов орта мектебі мұражайының жетекшісі, Қызылжар ауданы: 

– Валерий Ухабов Ауғанстан еліне шекараны қорғауға жіберіледі. Оның қарамағында жас мамандар болды, ол жастарды шекаралық әскери қызметке үйретті. 2004 жылы 15 ақпанда Ауған соғысына қатысқан азаматтарға медальдар табысталды. Валерий Ухабовтың медалі біздің мұражайымызда тұр.

ПОЛИНА ЛИННИК, Соколов орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Мектепте бұдан басқа тағы бір музей бар. Жалпы, мұражайдағы жәдігерлермен танысу мен үшін қызықты. Валерий Ухабов кезінде сабақты жақсы оқыған екен. Еңбекқор адам болыпты.

Жерлесіміз Ауған соғысында Кеңес әскерлері құрама бөлімінің командирі болған. Көзі тірі болса биыл 85 жасқа толар еді.

 

Самал Жунусова