БілімҚоғам

СҚО-да ҚСЗИ өкілдігін ашу жоспарлануда

Алдағы уақытта өңірде Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдігін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұйымның бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының таныстырылымы барысында айтылды. Жалпы, аталған жобаның негізгі мақсаты – жас сарапшыларға әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету. Зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың сөзінше, бұл – қыз-жігіттердің өзін дамытуына, біліктілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге зор мүмкіндік.

 

Алтынай Казиканова