ТЖ

Петропавлда жер үйден өрт шықты

Бүгін таңертең Петропавлда тұрғын үй отқа оранды. Қызыл жалын 1-Заречная, 20 мекенжайында бас көтерген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше тілсіз жау 2 шаруашылық нысанға жайылыпты. Ауыздықтау үшін өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 25 маманы мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жалынның жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Қызметкерлер үйден 8 газ баллонын шығарды. Апат салдарынан баспана мен 1 шаруашылық нысанға зақым келді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

 

Алтынай Казиканова