Қоғам

Өңірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы келді

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов келді. Ол солтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен кездесіп, жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңашылдықтарын түсіндірді. Жиын барысында жеке кәсіп иелерінің құқықтарын қорғау және бизнес саласындағы парасаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.

САЯН АХМЕТЖАНОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

– Ең бастысы, былтырдан бастап агенттікте әр өңірдің тәуекелдерін талқылаудамыз. Бірінші сала белгіленді. Автожол, тұрғын үймен қамтамасыз ету мен су мәселелері саласында біз жаңа «Бизнеске жол» жобасын іске асырып жатырмыз. Қазіргі уақытта бизнестің бірінші қадамдарында қандай әкімшілік белгілер бар, қандай қиындықтары бар – соларды уәкілетті органдармен шешуге ат салысып жатырмыз.

Саян Ахметжанов бизнесті қорғау бойынша үш бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

САЯН АХМЕТЖАНОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

– Бірінші бағыт – бизнестің адалдығын қамтамасыз етуге ықпал ететін тұжырымдамалық шаралар, екіншісі – кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу. Үшінші бағыт – өңір ерекшелігін ескере отырып кәсіпкерлердің қажеттіліктері бойынша жедел әрекет ету.

Қазақстанда 2022 жылы мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 5200 жаңа кәсіпорын ашылып, 17 мыңға жуық кәсіпкердің бизнесі кеңейтілген.
Осы ретте заң аясында жұмыс істейтін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қолдайтын компаниялар үшін түрлі мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

СЕРГЕЙ ПЕРОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша – мемлекеттік ақшаны пайдаланудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында сатып алу нормаларын бір заңға біріктіру ұсынылды. Орташа сату бағасын анықтау мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлауға негіз болады. Мемлекеттік кәсіпорындар үшін монополиялық жеңілдіктер мен ерекшеліктер тізбесі оңтайландыруға жатады, бұл бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасына өткен жылы кәсіпкерлерден жемқорлыққа тап болғандығы жайында 118 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде шамамен 110 млн теңгенің құқығы қорғалған. Мамандардың айтуынша, өңірде жер қатынастары, салық, қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу мен субсидиялауға қатысты мәселелер өзекті.

БАУЫРЖАН ҚҰСАЙЫНОВ, «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС директоры:

– У нас были моменты в договоре субсидирования. Были такие пункты, которые создавали препятствия для своевременного и полного получения субсидирования. После подключения Антикоррупционной службы местной и Палаты предпринимателей эти пункты были решены. Но сейчас остается проблема долгов за прошлые года и полноты и своевременности выплаты.

СЕРГЕЙ ПЕРОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– На сегодня норма исключена из договора. И теперь акимат обязан выплатить вам те задолженности, которые у вас имеются. Это вопрос времени. По мере поступления финансирования, с вами рассчитаются.

Кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа кез болған жағдайда өңірлік кәсіпкерлер палатасы базасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңеске немесе жергілікті жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүгіне алады. Ведомство өкілдері ашық диалогқа әрқашан дайынбыз дейді.

 

Самал Жунусова