БалаларҚоғам

Құтқарушылар №14 орта мектебінде оқу-жаттығу жиынын өткізді

Көктемнің келуіне шамалы қалды. Алдағы жыл мезгілінде су деңгейі көтеріліп, әбігерге салмас үшін қазірден дайындалу қажет. Осыны жақсы білетін құтқарушылар №14 орта мектебінде оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жоспар бойынша мұнда тасқын кезінде 40 адам қабылданады.

Жедел жеткізілген адамдар алдымен тіркеуден өтеді, ал медициналық пунктте қажетті көмек көрсетіледі. Азық-түлік жеткілікті. Жақын арада 40 төсек-орын пайда болады. Жаттығу барысында осылардың барлығы пысықталды.

МАРАТ МҰРАТОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

– Петропавл қаласы №14 орта білім беру мекемесінде жинақтау пункті қанат жайды. Ол 1-ші наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай және су басу қаупіне орай ұйымдастырылды. Іс-шаралар алдағы уақытта 0,40\ су басу қаупі кезеңі аяқталғанша дейін жалғасатын болады.


Дүниежүзілік қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында құтқарушылар оқушыларға экскурсия өткізді. Апаттық-құтқару жабдықтарын көрсетті, төтенше жағдай кезіндегі сақтық ережелерін түсіндірді.

МАТВЕЙ МЕЛЬНИЦКИЙ, №14 орта мектебінің оқушысы:

– Мен оқу-жаттығу барысында құтқарушылардың арнайы киімдерін киіп көрдім. Қызметкерлер бізге суасты жабдықтарын және өрт сөндіру машинасын көрсетті.

Мұндай шаралар мектептерде әр апта сайын ұйымдастырылмақ. Айта кетейік, облыс орталығында тасқын кезінде пайдаланылатын 19 жинақтау пункті бар.

 

Самал Жунусова