БалаларҚоғам

Балалардың дерекқоры құрылмақ

Қолайсыз отбасыда тұратын және тәуе­кел тобындағы кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқоры құрылмақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балалардың құқығын қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында жазылған. Құжатта қолайсыз отбасыларда тұратын, сондай-ақ, отбасының цифрлық картасы шеңберінде балаларға қатысты өмірлік қиын жағдайдағы тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқорын құру жөнінде ұсыныстар енгізіледі делінген. Олардың қатарына бұрын зорлық-зомбылық үшін сотталған адаммен бірге тұратын, кә­ме­летке толмағандар саудасына тап болған және заңсыз ұрланған немесе елден тыс жерлерге көшірілгендер, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағандар кіреді.

 

Самал Жунусова