Құқық қорғау органдары

СҚО-да 4 мыңға жуық тұрғын көліктерін заңдастыру үшін өтініш берген

Өңірде шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Қаңтардың 23-інен бері халыққа қызмет көрсету орталығына 4 мыңға жуық тұрғын өтініш білдіріпті.

Маңызды науқанда полицейлер әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Солтүстікқазақстандықтардан түскен сұрақтарға жауап беретін мамандардың бірі – департаментке қарасты процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы Қайрат Сейітқұлов. Ол тұрғындарды алаяқтардан сақтануға шықырады.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы:

– Алаяқтар өздерін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріміз деп таныстырып, белгілі бір ақшалай сыйақыға шетелдік автокөліктерді заңдастырып береміз деп алдайды. Сіздерге ескертеміз, егер алғашқы тексеру бойынша теріс нәтиже келіп жатса, Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, полиция қызметкерлеріне жүгінуге болады. Олар сіздердің құжаттарыңызды қабылдап, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетіне жолдайды. 

Бүгінгі таңда өңірімізде 900-ге жуық көлік тіркелген. Кедендік тазартудан өткізу кезінде туындаған олқылыққа түзету енгізу үшін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне 600-ден астам өтініш жолданыпты.

 

Гульден Симбаева