Қоғам

Парламент Мәжілісіне 2 теріскейліктің кандидатурасы ұсынылды

Кеше “AMANAT” партиясының кезектен тыс XXV съезі өтті. Жиын барысында партияластар сайлауалды бағдарламаны, сондай-ақ, партиялық тізімдер мен бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті. Тізім бойынша үміткерлер қатарына біздің жерлесіміз, бұрынғы мәжілісмен Дмитрий Колода енді. Өңірден бір мандатты округтер бойынша кандидат – облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты, өңірге белгілі аграрий Еркебұлан Мамбетов. Қоса кетсек, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Ал үгіт-насихат науқаны ақпанның 18-і басталады.

 

Алтынай Казиканова