МТРА жаңалықтары

Азық-түлік инфляциясы СҚО-да жоғары

Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру қаралды. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана, Шымкент және Қызылорда, Ақтөбе, Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасқанын хабарлайды. Айта кетсек, біздің өңірде аталған көрсеткіш 1,8 пайызды құрайды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2023 жылға арналған негізгі міндеттердің бірі жыл қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 9,5 пайыздан асырмау қажет екенін атап өтті.

 

Самал Жунусова