МТРА жаңалықтарыТЖ

Жыл басынан бері өрттен 7 адам қаза тапты

Облыста жыл басынан бері 49 өрт болып, 7 адам қаза тапты. Тағы 18 адамға ыс тиіп, біреуі көз жұмды. Мамандар өрттің алдын алуда датчик орнатқан тиімді дейді.
Қыс келгелі өрт сөндірушілер әлеуметтік әлжуаз топқа жататын мыңнан аса отбасының үйіне осындай құралдарын тегін орнатып берген. Алдағы уақытта тағы
200-ден астамы іске қосылады.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Ауд/план/ Қаңтар айында Ғ.Мүсірепов ауданындағы Чистополье ауылындағы үйлердің бірінен өрт шықты. 73 жастағы үй иесі ұйықтап жатқан. Өрт детекторының дыбысынан оянып кетіп, сыртқа шығып үлгереді.

Облыста көліктің өртенуі жиілеп кеткен. Биыл мұндай 10 факті тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көп. Негізгі себеп – көлікте қысқа тұйықталудың болуы. Брифинг соңында ТЖД мамандары балықшыларға қатысты қауіпсіздік ережелерін қаперге салды.