Құқық қорғау органдары

Биыл СҚО-да полицейлерге бағынбаудың 36 фактісі тіркелді

Бөкетов көшесінде пәтер жалдап тұратын петропавлдық тәртіп сақшыларына бағынбаған. Оны пәтер иесі көршілерінің көп шағым түскеннен кейін баспананы босатуын талап еткен. Құқығым тапталып жатыр деген 30 жастағы ер адам полиция қызметкерлерін шақыртады. 3 күн бойы ішімдік ішкен азамат медициналық тексерістен өтуден бас тартып, қоқан-лоқы көрсеткен. Жанжалқойға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша материал жиналып, темекі тұқылын терезеден лақтырып жібергені үшін хаттама толтырылды. Жалпы, жыл басынан бері облыста полицейлерге бағынбаудың 36 фактісі тіркелді. Тәртіп сақшысына сес көрсетудің түгелі дерлік мас күйде жасалған.

 

Алтынай Казиканова