Құқық қорғау органдары

3 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркелді

– Приехал из Узбекистана в Казахстан, чтобы работать. Я не знал, что документы надо сделать. Я на стройке работал, миграционные меня поймали и спросили документ. У меня документа не было.

Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі “Шетелдік” акциясын қорытындылады. Шара құқықтық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған. Белгілі болғандай, өңірде 3 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 30 фактісі тіркеліпті.

АСАН ҚАЗЕСОВ, қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы:

– Акция барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 4 Өзбекстан азаматы анықталды. Олар бізге 2022 жылдың 7-желтоқсанында келген. Жұмысқа орналасу және уақытша тіркелу туралы ақпарат алу үшін көші-қон қызметі органдарына жүгінулері тиіс еді. Алайда, өзбекстандықтар бұған асықпаған, яғни тиісті мамандарға дер кезінде жүгінбеген.

Бұдан бөлек, шақырылған шетелдіктердің болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның 46 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу жұмыстары әлі жалғасады.

Алтынай Казиканова