МТРА жаңалықтары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке мониторинг жасалды

Петропавлда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке мониторинг жасалды. Бұл – “Северный 2” супермаркеті. Қаланың қақ ортасында орналасқан сауда нүктесіне халық көп келеді. Сатып алушыларға ұсынылған дүниеде есеп жоқ. Арасында тұрақтандыру қорынан жеткізілген тауар да бар. Олардың бағасы төмен

ЮЛИЯ ПЕТРОВА, супермаркет әкімшісі:

– Осылай жалғаса береді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне 19 аталым енсе, соның 14-ін тұрақтандыру қоры ұсынады. Пияздың келісі – 105, күріш – 335, ал күнбағыс майының 1 литрі – 720 теңге. Жұмыртқа да арзан. Баға өзгермеуі тиіс. Мұны “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамының өкілдері бақылап отырады. Былтыр бұл ұйым рекордтық сомаға рекордтық көлемде азық-түлік сатып алыпты.

РОЗА ТАСТАНБЕКОВА, “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ департамент директоры:
– 2022 жылы бізге 3 млрд 600 млн теңге бөлінді. Осы ақшаға 15 мың тонна тауар алдық.

Мониторинг кезінде тауар бағасының өзгеруі тіркелмепті. Тұрғындар бағасы төмен азық-түлікке разы. Олар тұрақты түрде сатып алатындықтарын айтады.

– Күнде аламын. Арзан. Дүкенде керектінің бәрі бар.
– Өте қажет деп ойлаймын. Қымбат азық-түлікті бәрі бірдей сатып ала алмайды.

Сөз соңында “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамының өкілдері ұсынған маңызды дерекпен бөлісе кетейік.
Қазір қоғамда “пияз тапшы болады” деген ақпар жүр. Мамандар бұған сенбеуге шақырады. Тауар түрі өңірімізде жеткілікті.

 

Байболат Култанов