ТЖ

Су тасқынына дайындық

Су тасқынына дайындық барысы пысықталды. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар Уәлиханов ауданында қызу жүріп жатыр. Аталған аймақтағы дайындық барысымен облыстық ТЖД бастығы Рамиль Камалов арнайы барып танысты. Өңірдің бас құтқарушысы Қулыкөл ауылдық округіне ат ізін салды. Мұнда мұз қалыңдығы өлшеніп, гидротехникалық құрылымдар тексерілді. Кейін егістік алқаптары мен елді мекендердегі қардың қалыңдығы анықталды. Рамиль Камалов жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ бөлімінің мамандарына қосымша инженерлік іс-шаралар өткізу қажеттігін айтты.

Алдияр Айтпаев