Қоғам

Облыс жолдары қардан қалай тазартылуда?

Қыста жолдарды қардан тазарту қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Күн сайын ауа райына байланысты облыстағы жолдарды тазалауға 50-ден 300-ге дейін арнайы техника шығып отырады. Жалпы, қыз мезгілі басталғалы мамандар 600-ден астам тексеріс жүргізген. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жауапты жандарға 941 нұсқама берілді. Жолдарды қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін 56 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алтынай Казиканова