СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Айдарбек Сапаров: “Өңірде пайдалы қазбалар тиісті деңгейде өндірілмей жатыр”

Облыстық әкімдік отырысында өткен жыл қорытындыланып, алға қойған жоспарлар айтылды. Өткен 12 айдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,7 пайызды құраған. Бұл туралы экономика басқармасының бастығы баяндама жасады. Қуанышбек Қалижановтың сөзінше, 2022-де өңірде 300 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Жоспардың 66 проценті ғана орындалыпты. Өнеркәсіп саласында аздаған өсім байқалады. Кәсіпорындар 490 млрд теңгенің өнімін шығарған.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, облыстық экономика басқармасының басшысы:

Автомобиль, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі 9 есеге өсті. Сонымен қатар, тоқыма бұйымдарын өндіру – 3, сусын өндірісі – 2,5, жеңіл өнеркәсіп – 2,2 есеге, тамақ өнімдерін өндіру 7%-ға артқанын байқап отырмыз.

Аймақ басшысы Қуанышбек Қалижановтың ұсынған деректерін сынға алды.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ваш доклад не содержит полного анализа работы управлений и районов по отдельным отраслям. Нет данных по развитию МСБ, по развитию человеческого капитала. Почему нет?


ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, облыстық экономика басқармасының басшысы:

– Мы сейчас готовим данную информацию. Окончательные статистические данные ещё не сформированы по году.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, аким Северо-Казахстанской области:

– Поручаю дать детальный анализ развития экономики области с указанием причин низкой показательности, дать конкретные предложения по росту экономики в разрезе отраслей.

Баяндамада өңір экономикасына қатысты нағыз маңызды ақпараттар көрсетілмеген. Шындығына келгенде, біздің облыс бірқатар көрсеткіш бойынша көш соңында.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Өнеркәсіп бойынша – 19-шы, өңдеу өнеркәсібінен 15-ші орындамыз. Негізгі капиталға түсетін инвестициялардан – 18-ші орын. Құрылыс саласы бойынша біздің облыс 19-ға табан тіреді. Осы деректерді неге есебіңізде айтпайсыз? Неліктен жоғары нәтижелерге жете алмай жүрміз? Республикадан тиісті қаражат бөлінуде. Бір қаржыны игере алмай жатырмыз.

Қуанышбек Қалижановтың баяндамасында өңір экономикасын көтеру жолдары және өз кірістерін қалай ұлғайту керектігі туралы ақпарат көрсетілуі керек.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Объехав все районы, поручение давал планы развития каждого района составить. До сих пор не доложили. Всё охватили мы?


КУАНЫШБЕК КАЛИЖАНОВ, облыстық экономика басқармасының басшысы
– Да, но у нас два района находятся на согласовании. По остальным районам мы уже собрали.

Ауыл шаруашылығы саласындағы статистика да көңіл көншіте қоймады. Диқандар минералды тыңайтқышты дұрыс әрі жеткілікті көлемде пайдаланса, мол өнім алуға болар еді. Мәселен, Ақжар ауданында өткен жылы 280 фермердің тек 20-сы ғана тыңайтқыш сепкен.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Если вносить минеральные удобрения, прибавка 5-7 ц/га. Почему этим вопросом не занимаетесь, почему только 20 хозяйств? Удобрения есть, субсидируется 50% государством.

Минералды тыңайтқышты жеткілікті деңгейде қолданбай, аз өнім алған аудан өкілдері жағдайды реттеулері қажет. Жиында Айдарбек Сапаров ауыл тұрғындарын жыл бойы жұмыспен қамтуды тапсырды. Ол үшін мал шаруашылығын дамыту керек.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Аудан әкімдеріне агротехникалық іс-шаралардың уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – қар ұстау, ылғал жабу, минералды тыңайтқыш енгізу сынды жұмыстар. Егіс алқаптарының құрылымын да бақылауда ұстау керек. Бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін қарақұмық пен картоп егуді кеңінен қолға алу қажет.

Жиында облыс орталығына қатысы да сұрақтар туындады. Петропавлдағы бройлер құс фабрикасы былтыр жыл бойы тұралап тұрған. Ал биыл басшылығы 90 мың тауық сатып алуды жоспарлап отыр. Бірақ, бұл тым аз. «Молпродукт» серіктестігінің қарқыны да бәсеңдеп қалған. Кәсіпорынды жандандыру үшін инвестор іздестіріліп жатыр.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Вы когда уже предприятие закрывается, после этого только приглашаете. Когда им тяжёло, надо было тогда заниматься. Может можно было поддержать, решить вопросы.

Айдарбек Сейпілұлы өңірде пайдалы қазба қоры мол екені, бірақ тиісті деңгейде өндірілмей жатқанын айтты. Сырымбет қалайы кен орнында да мәселе жоқ емес. Оған Қазақстанның Даму банкі екінші жыл қатарынан ақша бөлмей қойған. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы осы мәселеге қатысты ақпан айы ішінде банктен жауап келуі керектігін айтты.

Алтынай Казиканова