СҚО әкімдігі

СҚО әкімінің төралығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті. Отырыста терроризм діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таратуға жәрдемдесетін салаларда профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі мамандандырылған ақпараттық түсіндіру тобы жұмысының тиімділігі туралы айтылды. Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризм саласындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында әлеуметтік зерттеулердің тиімділігі және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің терроризмге қарсы қауіпсіздік жағдайы туралы мәселелер қаралды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Ақпараттық-түсіндіру топтарының жүргізіліп жатқан жұмыстарын талдауды тапсырамын. Сапалы жұмыс үшін Қаржы басқармасы мен Дін істері басқармасына облыстағы діни ахуалды талдау, бақылау, қаржыландыруды арттыру жөнінде бірлесіп ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Біз бұл мәселені бақылауда ұстауымыз керек.

Жиында облыс әкімі Айдарбек Сапаров діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, әлеуметтік зерттеулердің тиімділігін жоғарылатуды тапсырды.

Алдияр Айтпаев