Құқық қорғау органдары

Шал ақын ауданында көлік сату туралы жалған хабарландырулар жиілеп кетті

Шал ақын ауданының орталығында көлік сату туралы жалған хабарландырулар жиілеп кеткен. Бұл – алаяқтардың ісі. Олар осындай тәсіл арқылы адамдарды қызықтырып, тек WhatsApp желісі арқылы хабарласуды сұрайды. Хабарласқан жандарға ауданда ұялы байланыстың нашарлығын айтып, бейнеқоңырауға жауап бермейді. Ал СМС-хабарлама жазғандардан алдын ала төлем сұрайды. Айлакерлердің кейбірі бағаны түсірген, кішкентай баласының науқас екенін де айтқан. Бұған сенгендер бар. Тіпті, ақша аударып, Сергеевкаға көлік үшін барғандар бар. Алайда, олардың бәрі темір тұлпарсыз қайтқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы рет мұндай тәсіл 2021 жылы қолданылыпты. Араға біраз салып қулар ескі әдеттеріне қайта көшіп отыр. Жалпы, биыл облыста көлік сатуға қатысты 2 алаяқтық іс тіркелген. Екеуі де Сергеевкада болған.

Самал Жунусова