Қоғам

Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктері талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен өткен кеңесте Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктері талқыланды. Жиналыс барысында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарында ОЦК жұмыс режимінде іске қосылғанын хабарлады. Онда отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтайтын 80 критерий ұсынылған. Соның көмегімен азаматтарға қандай көмек қажет екені анықталады. Сонымен қатар, министр 2022 жылдың 1 қыркүйегінде пилоттық режимде қосылған картаның тәжірибесімен бөлісті. Жалпы, апробация кезеңінен бері мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін проактивті форматта барлығы – 77 мың SMS-хабарлама жіберіліп, 30 мыңға жуық төлем тағайындалды.


АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
«Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын синхрондау үдерісін жалғастырып, ақпаратты уақытылы жаңартып тұру керек. Отбасының цифрлық картасы тәуекелдердің алдын алуда, жедел әрекет етуде және шешім қабылдауда тиімді құралға айналуы тиіс».

Алтынай Казиканова