Мәдениет

Мектеп оқушысы М.Жұмабаевтың мерейтойына арналған челледж бастады

12 жастағы мектеп оқушысы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған челледжды бастады. Жасмин Қалдыбек Алаш ардақтысының аты берілген ауданда тұрады. Бұрымды Instagram парақшасында «Мен жастарға сенемін» шығармашылық эстафетасын жариялады. Видеода Жасмин ақынның «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқып, эстафетаны «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановқа жолдады. Желі қолданушылары 7-ші сынып оқушысының бейнежазбасын қолдап, жылы пікірлер жазуда.

Алтынай Казиканова