Қоғам

Ел Президенті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды

Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қаулыға сәйкес биылғы жылдың наурыз-маусымында, қыркүйек пен желтоқсан айларында белгіленген әскери қызметтік мерзімін өткерген әскери қызметшілер запасқа шығарылады. Тура осы кезде еліміздің Қарулы Күштері, Ішкі Істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ ер адамдар шақырылады. Қаулы қол қойған күннен, яғни бүгіннен бастап күшіне енді.

Алтынай Казиканова