Қоғам

Беларустық жәрмеңке жалғасын табуда

Беларустық жәрмеңке жаңа топтамамен толықты. Кеше сауда орнына 500-ге жуық қысқы және көктемгі аяқ киім жеткізілді. Мұнда ерлер мен нәзікжандыларға арналған аяқ киімнің түр-түрін көруге болады. Тауардың барлығы дерлік сапалы материалдан тігілген әрі ыңғайлы. Сауда нүктесіне қала тұрғыны Виктор Галушко жұбайымен бірге аяқ киім таңдауға келіпті.

ВИКТОР ГАЛУШКО, қала тұрғыны
– Жәрмеңкеге бірінші рет келіп отырған жозпыз. Аяқ киімнің алуан түрлілігі мен сапасы көңілден шығады. Негізі, киіп, жүріп көру керек. Бұған дейін бұл жерден бірнеше тауар алдық, тағар мініміз жоқ.

Шетелдік өнімдер, әсіресе, зейнеткерлер арасында сұранысқа ие. Жұрттың назарына 900 жұп аяқ киім қойылып отыр. Сонымен қатар, жәрмеңкеде қысқы курткалар мен ішіктер қойылған. Сыртқы киімдер – ресейлік өнімдер.

ЭДУАРД ГАВРИЛЯК, cату жөніндегі менеджер
– Ішіктер түйе жүнінен тігілген, ал курткалар биомамықпен толтырылған. Гиппоаллергенді, жылы, суық өткізбейді. Жуылған кезде де реңі өзгермейді. Бағасы қалта қақпайды.

Жәрмеңке ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Саудагерлер Шымкент қаласына жол тартпақ. Тұрғындар қажетті тауарды Ш.Уәлиханов көшесі, 15А мекенжайы бойынша орналасқан нысаннан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ға дейін жұмыс істейді.

Гульден Симбаева