Құқық қорғау органдары

1 айда арнайы орынға көше кезіп жүрген 61 адам жеткізілген

Жылу құбырлары, кәріздік құдықтар мен жертөлелер. Көбіне осы жерлерді үй-күйсіз жүрген адамдар мекендейді. Полиция қызметкерлері арнайы рейдтік іс-шара барысында аталған орындарды аралады.


– Где вас задержали? – Задержали: поселок Рабочий, мост, тупик. – Что вы там делали? – Ну, просто зашел; покурить, можно сказать. Ну, выпить. – А с кем вы там были? – Ну, старые друзья, компания. Просто выпил, посидел. Тут – подъехали сотрудники: «Предъявите документы!». Какие были при себе – такие и предоставил. 

Қаңғыбастарды жинау тобы баспанасыз жүргендерді ең алдымен қабылдап-тарату орнына апарады. Бұл жерде олар толық тексерістен өтіп, қажетті көмек алады. Бұдан кейін Жұмысшы кентінің шет жағында орналасқан түнеу орнына жеткізіледі. Күнделікті рейд барысында полиция қызметкерлері орта есеппен алғанда үйсіз-күйсіз жүрген 7-8 адамды тіркейді екен.

БОЛАТ БАЙМАҚАНОВ, қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы
– Петропавл қаласы полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына 1 ай ішінде тұрғылықты мекенжайы жоқ 61 адам жеткізілді. Оның ішінде 19 адам сот санкциясы бойынша орналастырылды. Барлық жеткізілген тұлғалар тізімдік есепке қойылды. Талдау барысы жеке басы анықталмаған 33 пен 44 жастағы адамдардың жиі кездесетінін көрсетті. Олардың басым бөлігі – ер азаматтар.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды көрген жағдайда қабылдап-тарату орнының кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-99 нөмірі бойынша немесе тәулік бойы жұмыс істейтін 102 арнасы арқылы қоңырау шалуға болады.