Құқық қорғау органдары

Қаңтарда мас күйде көлік жүргізген 20 жүргізуші ұсталды

Өткен айда Петропавлда рөлге масаң күйде отырған 20 жүргізуші ұсталды. Соңғы жайдайлардың бірі бірер күн бұрын орын алды. “Нива” көлігінің жүруі тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Рөлде отырған адам тоқтатылады. Түнгі 3-те 36 жастағы қала тұрғынынан алкоголь иісі мүңкіп тұрған. Десе де, ол медициналық куәләндіруден бас тартыпты. Осылайша, өз жағдайын ушықтырған. Әдетте көлікті масаң күйде басқарғандар 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға рөлге отырудан шектетіледі. Ал бұл заң бұзушы тексерістен жалтарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, көлік басқару құқығынан 8 жылға айырылды.


Алдияр Айтпаев