Kurultai banner mobile

Спорт

Футболдан ел біріншілігі наурыздың алғашқы сенбісінде басталады

Футболдан биылғы ел чемпионаты наурыздың алғашқы сенбісінде басталады. Қазір Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарында жүрген жергілікті “Қызылжар” клубы бірінші ойынын сырт алаңда қызылордалық “Қайсарға” қарсы өткізбек. Ал екінші матчта Атакенттің “Мақтааралын” қабылдайды. Әзірге, бұл кездесудің қайда өтетіні белгісіз. Бүгінде БАҚ беттерінде “Петропавлдағы стадионның маусымға дайын еместігіне байланысты “Қызылжардан” 6 ұпай алынды, ұжымның “үйдегі” ойындары Павлодарға ауыстырылды” деген ақпар жүр. Дегенмен, желіде желдей ескен мәліметті бейінді басқарма басшысы да, клуб өкілдері де растаған жоқ. Олардың сөзінше, жақында “Қарасайда” жөндеу жұмыстары басталған. Әзірше, солтүстікқазақстандық аяқдоп шеберлерінің қонақтарды қайда қабылдайтыны анықталмапты. Ұпай шегеру мәселесі де көтерілмеген.


Байболат Култанов