Қоғам

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында су тасқынына дайындық талқыланды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалында өткен отырыста су тасқынына дайындық барысы мен гидротехникалық құрылымдардың жағдайы бағамдалды. Облыс әкімі аппараты бөлімінің бас маманы Берік Ғабдулин «Биопруд» сарқынды су жинақтағышын жаңғырту мселесі өткір тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Ущев көшесі бойында тұрған бөгет күрделі жөндеу талап етеді. Қазіргі уақытта тиісті жоба әзірленіп жатыр. Тепличное мен Прибрежоное ауылдарында бөгет салу жоспарлануда. Жоба әзірленіп, ақпан айы ішінде сараптамаға жіберілмек. Өңірде топырақ 149 см-ге қатқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 смге тереңірек. Сол себепті, күн күрт жылынған жағдайда өзендердегі су деңгейі әжептәуір көтерілуі мүмкін.


БЕРІК ҒАБДУЛИН, СҚО аппараты бөлімінің бас маманы:
– 20 гидротехникалық құрылымның 2-еуі апатты жағдайда тұр. Олар: Ғ.Мүсірепов ауданындағы Шарық су торабы мен Уәлиханов ауданындағы “Сегіз көз” су өткізу ғимараты. Жаңа аталған нысандардың 4-еуінің жағдайы аса емес. Қалған 14-інің жағдайы қанағаттанарлық күйде деп бағаланып отыр.


Самал Жунусова