Қоғам

Шағын бизнес өкілдеріне өткен жылы 52,2 млрд теңге несие берілген

 

Ұлттық банктің мәліметінше, өткен жылы елдегі қаржы ұйымдары шағын бизнес өкілдеріне 4,53 трлн теңгенің несиесін берген. Оның 3,57 трлн теңгесі заңды тұлғаларға бағытталса, қалғаны жеке тұлғаларға арналып рәсімделген. Кредиттің басым көпшілігі – Алматы қаласында. Мегаполисте 2,38 трлн теңгенің несиесі рәсімделіпті. Елордалық іскер жандар банктерден 637,6 млрд теңгеге қарыз алған. Шағын бизнесті дамытуға бағытталған қаражат көлемінің ең аз үлесі Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі. Теріскейлік кәсіпкерлер қаржы ұйымдарынан 52 млрд теңгеден астам қарыз алған. Қолға тиген қаржының негізгі үлесі өнеркәсіп және сауда салаларына құйылған.


Дана Ешкенова