Қоғам

“Севказэнергосбыт” ЖШС мен кәсіпкерлер арасында туындаған мәселе сотта қаралады

 

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов “Севказэнергосбыт” серіктестігі мен кәсіпкерлер арасында туындаған дауға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен жылдың соңында көпқабатты үйлердің астында орналасқан сауда, тамақтану және қызмет көрсету орындарының иелеріне жылу төлемі бірнеше есе жоғары түбіртек келген. 300-ге жуық бизнесменнің базынасы кеше “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында қаралды. Бүгін тараптар бейінді департамент қабырғасында бас қосты. 2 сағатқа созылған кездесуде Дамир Тоқтамысов туындаған мәселе бойынша материал жиналып, сотқа жолданатынын және іскер жандарға тиісті шешім шығарылғанша жылу мен жарыққа төлем жасамауға болатынын мәлім етті.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:
– Біз субъектіден қажетті ақпаратты алдық. Талдау жүргіземіз. Соның қорытындысы бойынша келесі аптада сотқа жүгінеміз.