Қоғам

Қызылжарлық кәсіпкер жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне наразы

 

Қызылжарлық кәсіпкер жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне наразы. Іскер жанның сөзінше, жылыжайын ол өткен жылдың қараша айынан бастап электр қуатына қоса алмай жүр. Жуырда бизнесмен осы мәселемен өңірлік жемқорлыққа қарсы департаментке жүгінген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жеке кәсіпкер коммерциялық объект үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды. Бейінді департамент мамандары аудандық сәулет бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Желіге қосудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды.


Дана Ешкенова