Қоғам

Бас прокуратура елдегі жылу электр станцияларын тексеруге кірісті

 

 

 

Бас прокуратура елдегі жылу электр станцияларын тексеруге кірісті. Бүгінде мамандар тозу дəрежесі 70-тен 99 пайызға дейін жеткен 11 қуат ошағын бақылауға алды. Тізімге Риддер, Екібастұзбен бірге Петропавлдағы жылу электр станциясы да кірді. Өткен жылы осы 3 қаладағы жылу электр орталықтарында апаттық жағдай туындаған болатын. Тексеріс жекешелендірудің заңдылығын, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жаңғыртылуын, тарифтерді қолданудың негізділігін жəне қаражаттың жұмсалуын қамтиды. Қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың іс-əрекеттеріне баға беріледі. Айта кетейік, еліміз бойынша ЖЭО-лардағы жабдықтың орташа тозуы 66 пайызды құрап отыр.