Құқық қорғау органдары

Жидек теріп жүрген әйелді атқан кісі 3 жылға сотталды

 

Жидек теруге шыққан әйелді атып өлтірген адам 3 жылға сотталды. Еске салсақ, жаға ұстатарлық оқиға осыдан шамамен 6 ай бұрын орын алған еді. Аң деп ойлап, нәзікжандының кеудесіне оқ атқан кісіге қатысты іс бүгін Мамлют аудандық сотында қаралды. 65-тегі тұрғынға «Абайсызда адам өлтіру» және «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, ұстау, өткізу» бойынша айып тағылған.

АЗАМАТ ДҮЙСЕНОВ, Мамлют аудандық сотының судьясы:
– Сот Сергей Лосеняны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Жәбірленушінің пайдасына ер адамнан 3 млн теңге сомасында моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алайда, марқұмның жақындары сот үкімімен келіспей отыр. Басты күдіктіні небәрі 3 жылға бас бостандығынан айыратынына наразы. Сонымен қатар, өлімнің негізгі себепкері 65 жастағы зейнеткер емес, қасындағы болған адам дейді.

АЛТЫНБЕК САЙЛАУОВ, марқұмның баласы:
–  Екеуіне группа лиц бергенін қалаймын. Полиция инспекторының болғанын судьяның өзі де айтып отыр. Эскперт сау күйде болды дегенінен кейін смягчение болмай, убийство беру керек еді. Өйткені, винтовкадан ішпеген кісі адам екенін көреді.

Ұлының сөзін әкесі де растады. Ғалымжан Мұздақбаев Сергейді бұрыннан біледі екен, бірге жұмыс та істеген. Көру қабілеті нашарлаған соң, аңшылықты қойған деп отыр.

ҒАЛЫМЖАН МҰЗДАҚБАЕВ, марқұмның жолдасы:
–  3 жыл деген не? Қазір елікті атса да, 6-7 жылға береді. Менің әйелім еліктен де арзан болды ма?

Қаза болған нәзікжандының туыстары апелляцияға бермекші.


Алтынай Казиканова