Құқық қорғау органдары

Жертөлелерді тонаған күдікті ұсталды

 

Петропавлдық полицейлер жертөлелерде бірнеше ұрлық жасаған адамды ұстады. Күдікті – қолының қыспалығы үшін бұрын сотты болған 33 жастағы қала тұрғыны. Ол зат сақтайтын үй астындағы орынға есіктерінің құлпын бұзу арқылы кіріп отырыпты. Баукеспеден ұрланған дүниелердің біразы алынды.

ДАРХАН ҚҰДАБАЕВ, қалалық полиция басқармасының тергеушісі:
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заттай айғақтар табылды. Оның тұрғындардың жертөлелерінен ұрланғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Белгілі болғандай, көбіне электр құралдары ұрланыпты. Қолды болған дүниелер қара нарықта әжептәуір тұрады. Мысалы, бір жөртөледен жалпы сомасы 200 мың теңгеге жуықтайтын зат жоғалған.

ЮРИЙ РЕЗНИКОВ
Бұл үйде тұрып жатқанымызға 20 жылдан асты. Жертөлемізге ешқашан ұры түскен емес. Көршілеріміз де жақсы. Бастапқыда велосипедтерді құлыптап жүрдім. Соңғы уақытта мән бермей кеттім. Салдарын енді көріп отырмыз.

Күдікті қамауға алынды. Оның 5 эпизодқа қатысы болуы мүмкін. Полицейлер тұрғындарға үйдің кіреберісіне бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.


Алтынай Казиканова