Құқық қорғау органдары

СҚО-да колонияға қаймақпен телефон өткізбекші болған

 

Телефонды қаймақ құйылған контейнердің астына жасырған. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Айыртау ауданындағы №51 мекемеге тыйым салынған зат өткізбекші болған. Заңсыз “сәлемдемені” кіреберістегі мамандар анықтады. Қаймақтың арасынан 2 смартфон мен 2 сим-карта табылды. Батысқазақстандыққа қатысты материал жиналып, сотқа жіберілді. Оған 35 мың теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін.


Гульден Симбаева