Қоғам

Салықтың бірнеше түрі жергілікті бюджетке аударылды

 

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту мақсатында салықтың кейбір түрлері жергілікті бюджеттерге берілді. Яғни, енді республикалық бюджетке есептелген мемлекеттік баждың жекелеген түрлері жергілікті бюджет қазынасына аударылатын болады.


– жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін;
– республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;
– Қазақстан аумағында автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым:
– республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баждар;
– жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж;
– нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде, сондай-ақ, нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін мемлекеттік баж;
– зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
– мемлекеттік мекемелерге сотқа берілетін талап арыздардан мемлекеттік баж;
– жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж.

Артық немесе қате төленген мемлекеттік бажды қайтаруға болады. Ол үшін өтінішті электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы, «электронды Үкімет» порталы, «eSalyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық әмияны арқылы растаушы құжатпен қоса жолдауға болады.

ЖҰЛДЫЗ АБЕЕВА, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
– Қағаз түрінде мемлкеттік бажды қайтаруға өтініш тек “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы, яғни ХҚКО арқылы беріледі. Өтініштен бөлек, уәкілетті органнан мемлекеттік баждың бұл сомасы талап етілмегені, яғни мемлекеттік орган пайдаланбағаны туралы анықтаманы қоса беру қажет.

Ал егер бұл соттың шешімі бойынша қайтарылуға жататын мемлекеттік баж болса, онда сот шешімінің көшірмесін қоса беру қажет. Құжаттардың барылығы электрондық түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қағаз жүзінде ұсынылады.

ЖҰЛДЫЗ АБЕЕВА, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
– Салықтық өтініште банктік шот нөмірін дұрыс көрсету керек екеніне назар аударамыз. Салықтық өтініш мемлекеттік баж төленген мемлекеттік кірістер органына ұсынылады.

Мемлекеттік бажды қайтару мерзімі өтініш білдірген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.


Дана Ешкенова