Қоғам

“Дәрия” базарының сатушылары сатып алушының аздығына шағымданды

 

“Дәрия” базарына келушілер саны азайған. Базар қызметкерлерінің айтуынша, бұған бағаның көтерілуі мен жұрттың жалақысының төмен болуы себеп. Яғни, азаматтар қалта қақпайтын өнімдерді өзге жерден қарастырады. Бұл ретте дәриялықтар ірі сауда нүктелерімен бәсекелесе алмағандықтан жеңілдіктер жасай алмай отырмыз дейді.
Күрмеулі мәселе “AMANAT” партиясының өкілдеріне айтылды. Аманаттықтар өз кезегінде нысандарды аралап, тұрғындардың бұйымтайларын тізіп жүр. Азаматтар көтерген мәселелер, өтініштер мен ұсыныстар сайлауалды бағдарламаға енгізіледі.


Данаш Хамзина