Қоғам

Жоғалған бала қызметтік иттің көмегімен табылды

Жоғалған бала қызметтік иттің көмегімен табылды. Оқиға қаңтардың 26-сы күні Уәлиханов ауданында орын алды. Көзден таса болған 10 жастағы баланы жергілікті атқарушы органдар мен бірнеше ауылдың 200-ге тарта тұрғыны 2 күн бойы іздеген. Нәтижесінде иелері жол жүріп кеткен үйден табылыпты. Оны аудандық полиция бөлімінің кинолог-инспекторы Нұрлан Жауар Цефей есімді неміс овчаркасының көмегімен анықтаған. Бала медициналық мекемеге жеткізілді. Ювеналдық полиция мамандары жағдайды анықтау үшін баланың ата-анасымен әңгіме жүргізбек.

Алдияр Айтпаев