Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын қаржыландыру шамамен 40%-ға артты

 

Өткен жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығын қаржыландыру шамамен 40%-ға артты, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, былтыр салаға 400 млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті. Бұл 2021-ші жылдағы көрсеткіштен 38,4% немесе 60,1 млрд теңгеге көп. Қаражат көлемі бойынша Алматы облысы көш бастаған. Алатау баурайына 205,5 млрд теңге бағытталған екен. Елімізде жылдан-жылға тұтынушылық кредит те ұлғаюда. Мәселен, соңғы 5 жылда рәсімделген қарыз 2,3 есеге артып, 7,7 трлн теңгеге жеткен. Өздерінің жеке қажеттіліктері үшін ең көп берешек алған – алматылықтар. Жерлестерімізге 100 млрд теңгеден астам несие беріліпті. Айта кетейік, 3-ші наурыздан бастап отандастарымыз “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” заңға сәйкес, банкроттыққа өтініш бере алады.


Байболат Култанов